Квалификация дегеніміз маманның белгілі бір жұмысқа дайын болу көрсеткіші, маманның деңгейін сипаттайтын ұғым. Мысалы жоғары квалификацияға ие мұғалім. Жоғары квалификацияланған дәрігер дегенді жиі естиміз. Бұнысы жұғалім сабақ беруді жақсы менгерген ал жоғары квалификацияланған дәрігер дегеніміз өте білімді, ақылды, талайды емдеген дәрігер деп түсінеміз. Өз мамандығын жетік білетін адам.
Оған қоса талай жылдық тәжірибесі бар заңгерлер, маркетологтар, экономистер және басқа мамандар бар. Олардың біразы жоғары квалификациялы мамандар боп табылады. Себебі олар неше түрлі компанияларда еңбек еткен. Тәжірибесі мол мамандарды жоғары квалификацияланған адамдар деп атайды. Осындай адамдарға бизнесте пайдалы болады.
Квалификациясы төмен мамандар
Студент университ бітіріп жұмысқа енді ғана кіріссе ол квалификациясы төмен маман болады. Себебі оның жұмыс тәжірибесі жоқ. Көп нәрсені білмейді. Жұмыс тәжірибесі жоқ адамдарды көбінесе стажер яғни тегін жұмыс істейтін адам деп алады. Кейін біраз жұмыс тәжірибесі бар болғаннан сон оны жұмысқа алады. Былайша айтсақ бірнеше апта не ай үйренеді.
Оған қоса квалификациясы төмен адамдарға арнайы білімді қажет етпейтіндерді атайды. Мысалы таксистер, құрылысшылар, күзетшілер. Бұларды квалификациясы төмен адамдар дейді. Нарықтық қатынастар орнаған заманда квалификациясы жоғары мамандарға деген сұраныс зор болады да, олардың жалақысы соған сәйкес болады.
Сондықтан жалақысы жоғары маман болғыныз келсе квалификациянызды арттырыңыз. Білімді болыңыз. Білікті бірді, білімді мыңды жығады дегені осы. Сіз өз резюменізді игі қасиеттермен толтырыңыз.
Аттестация деген не?
Аттестация дегеніміз маманның қабілеттілігін тексеру үшін жасалатын арнайы емтихан. Мысалы дәрігерлер, мұғалімдер жыл сайын осындай аттестациялардан өтеді. Мақсат олардың білім деңгейін тексеру. Біле ме? Істей ала ма? Осыны тексеріп тиісті бағасын қояды. Аттестациядан өте алмаған адамды арнайы курстарға жібереді.
Білімін жоғарлату үшін осындай курстар көптеген қалаларда ашылған. Кейде аттестациядан өте алмаған адамды жұмыстан да шығарады. Жалпы аттестация ол маманның білім деңгейін тексеру үшін жасалған емтихан.