Бизнес деген не? Бизнес ол кәсіпкерлік. Ақшаны кәсіп жасап табу. Мысалы біреу дүкен ашса ол бизнес боп табылады. Себебі адам біріншіден өзгеге жұмысқа жалданып кірмейді, екіншіден ол өз пайдасын өзі көреді. Ол істеген еңбектің жемісін түгелдей өзі жейді.
Және айта кететін жайт бар шығындар да оның мойнында. Мысалы адам біраз ақша жинап асхана ашып кәсіпкерлікпен айналасуын бастайды. Аспазшы, даяшы дегенді жалдайды. Жұмыс істейтін ғимаратқа да ай сайын төлеп тұрады. Азық-түлік алуға да біраз ақша жұмсайды. Осы шығындар ай сайынғы табатын табыстан артық болса асхана иесі шығынға батады. Кем болса асхана иесі, яғни кәсіпкер пайда табады.
Көп жұрт кәсіпкерлікпен осы себепті айналысқысы келмейді. Ай сайынғы шығын зор бола қалатының біліп. Негізінен бизнес ашқандардың басым бөлігі шығынға ұшырайды. Шығынға ұшырап жабылады. Бірен сараң аман қалғандарын есептемесек.
ЖК деген не?
Қазақстанда кәсіпкерлікпен, яғни бизнеспен айналысу үшін ресми тіркеу керек. Салық комитетінде кәсіпкер ретінде тіркелу керек. Компания ашу керек. Сізге өзгелер ақша аудара алатындай жағдайға жету үшін. Сізбен ресми шарт жасасу үшін. Ең қарапайым жолы Жеке Кәсіпкер деп тіркелу. Жеке Кәсіпкерді қысқаша ЖК деп те атай береді.
Ол үшін онлайн бес минутта тіркеле сала аласыз. Мысалы егов не банк қосымшасы арқылы. ЖК ашу оңай. Бір кликпен аша аласыз. Одан кейін ресми тіркелу құжаттарыңызды келісім шартқа не сайтқа қоя аласыз. Сонымен ЖК деген не? ЖК бизнес жүргізудің төте жолы.
ЖШС деген не?
Шағын компанияларға ЖК жетіп қалады. Мысалы біреу дүкен, кафе, шаштараз ашса осы да жеткілікті. Бірақ кейбір ірі бизнеске бұл жеткілікті емес. Мысалы ай сайынғы көретін табысыңыз бәленбай сомадан (шамамен айына алты миллион теңгеден артық) артық болса ЖК үлкенірен "тарифке" көшу керек болады. Оның аты ЖШС.
Жауапкерлігі Шектеулі Серіктестік дегеніміз Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолданылатын компаниялардың түрі. Сіз ЖК ретінде өз күнінізді өзіңіз көріп жүре аласыз. Бірнеше қызметкерді де алуға құқығыңыз бар. Бірақ көп адам жалдау үшін ЖШС ашу керек болады. ЖШС ол орташа деңгейді компаниялар үшін ашылатын салық режимі.
Сонымен ЖШС деген не? ЖШС орта деңгейлі компанияларды ашу үшін салық комитетінде қолданылатын рәсімдеу түрі. Компания осы жолмен рәсімделу үшін өз бухгалтерін және біраз адамды жұмысқа алу керек. Осы салық режимі ЖК қарағанда біраз күрделірек.
Банкрот деген не?
Компания кейде шығынға батып қалады. Кейбір компаниялар ашылып ойдағыдай пайдалы бола алмай жабылуға мәжбүр. Себебі тапқан табысы шығынды өтеуге жеткілікті болмай қалады. Осыны банкрот деп атайды. Сонымен банкрот деген не? Банкрот ол компанияның не өзге ұйымның, адамның табысынан шығыны артық болуы.
Жаңадан ашылған компаниялардың көбі банкротқа ұшырайды. Себебі бизнес ашу оңай болғанмен одан пайда табу қиын. Атам қазақ - үйлену оңай, үй болу қиын дегендей. Банкрот болмау үшін сіз бизнес ашудан бұрын осы саланы, осы салада жұмыс істейтін мамандардың жұмысын жетік зерттеп алыңыз.
Банкрот болмаудың жолы
Бизнестің банкрот болмауы үшін көп мөлшерде жарнама қажет. Бұл күнде жарнамаға ақша салмай пайдалы бизнесті құру мүмкін емес. Жарнамаңыз пайдалы болуы үшін біраз уақыт қосылу керек. Адамдар естіп, көре алу үшін. Ірі қалаларда бәсекелестік жоғары болады. Соңдықтан бәсекелестерден озып тұру үшін жарнамаға ақша жұмсау керек.
Оған қоса кәсібіңіз де ойдағыдай тиімді болуы керек. Сіз бәсекелестерден арзандап тауар шығаруыңыз керек. Не қымбат болуы керек. Қымбат болса сапасы жоғарылау болуы керек.