Мамандық деген не? Біреу бала оқытады, тағы біреу үй салады, үшіншісі асханада лағман әзірлейді. Әрқайсысының жұмысы бөлек. Үй салу бір төбе, ас дайындау бір төбе. Екеуінің оқуы бөлек. Қолданатын құралдары бөлек. Біреу балғаны алса екіншісі қамыр илейді. Осыны мамандық дейді.
Жаһанда неше түрлі мамандық бар. Дәрігер, ұстаз, жүргізуші, программист, қаржыгер, экономист, биолог, химик, физик, математик, тарихшы, технолог, аспазшы, күзетші, наубайханашы, фермер, малшы, қойшы, жол маманы және басқалары. Мамандықтар өте көп. Мысалы осы сайт жұмыс табу үшін жасалған. Осында кәсіпкерлер өздерінің бос орындарын қосады.
Мамандықтар тізімі
Басты бетте вакансиялар бар. Ал сайт картасы бетінде Қазақстанда танымал мамандықтар тізімі бар. Соларды қарап көріңіз. Орысша жазылған. Себебі Қазақстанда сонау тоқсаныншы заманнан бері іс қағаздарын жүргізу негізінен орыс тілінде қалды. Баяғы Кеңес Одағы заманда қалған әдет қой. Бізбен бірге Кеңес Одағына еңген көптеген елдерде із қағаздарын өз тілдерінде жазады. Мысалы Грузия мен Эстонияда. Өкінішке орай Қазақстан өкіметі бұл істе көш соңында қалып қалды. Жарыста сонғы келген қырсық есектей.
Негізінен мамандықтар өте көп. Бір жұмыс далада. Тағы біреуі кеңседе дегендей әрқилы. Жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болып жатыр. Мысалы дата сайнс сияқты. Дата сайнс ол статистика (математиканың бір бөлігі) мен бағдарламалау салаларын біріктірген мамандық.
Мамандық таңдау жолы
Атам қазақ жар таңдауда және кәсіп таңдауда ер қателеспеу керек деп айтқан. Жар таңдау ол сіздің өз бетінізбен шешетін іс. Бұған біз де, сіздің ата-аналарыңыз араласпау керек. Ал мамандық таңдау жайында біраз кеңес берейік. Алдымен сізге қандай пән ұнайды? Осы сұраққа жауап беріңіз. Пән ұнаса онымен байланысты мамандықты таңдауға болады.
Мысалы біреу физиканы сүйеді. Демек инженер, технолог, бағдарламалаушы сияқты, өндіріспен байланысты мамандықты таңдауға болады. Тағы біреу қазақ әдебиетін сүйеді. Оған менеджер, заңгер, нотариус мамандығын таңдауға болады. Қысқасы адаммен тіл табысуды көздейтін салаларда.
Тағы біреу географияны білсе ол экономика, геология сияқты мамандықтарды таңдай алады. Ел көріп, жер көріп дегендей. Себебі осы мамандықтар географиямен байланысты. Биологияны жақсы білетін бала дәрігер, зоотехник, мал дәрігері бола алады.
Қысқасы сізге ұнаған пәнді аңықтап мамандық таңдай аласыз. Мамандық таңдауда тағы бір еске алатын жайт ол жалақы мәселесі. Жалақысы төмем салаларды таңдаманыз. Ертең тапқан жалақыны тамақ пен киімге жеткізе алмаы бишара боп жүресіз бе?
Жалақысы жоғары мамандықтар
Жалақысы жоғары мамандықтар осы күнде де бар. Бұндай мамандар басқаларынан гөрі ақы көп табады. Мысалы бағдарламалаушы, қаржыгер, мұнайшы, геолог, веб дизайнер, дата сайнс сияқты мамандардың жалақысы басқаларынан екі есек не одан да көп.
Негізенен қазір компьютермен байланысты мамандықтар жоғары сұранысқа ие. Қаржыгер не экономист болсаныз да компьютерді білу керек. Себебі мәліметті компьютердің көмегімен жинайды, өндейді. Қысқасы компьютерді білу керек.