меню

Жұмыс керек пе? Жұмыс табу жолы. Жұмыс іздеу сайты. Вакансия деген не?

Жұмыс керек пе? Егер керек болса осы сайттағы хабарландыруларды қараңыз. Осы сайтта талай бос жұмыс орындары бар. Соларды қарап көріңіз. Негізінен көпшілігі Алматы қаласына тиісті бос орындар. Бірақ өзге қалалар да бар. Және айта кететін жәйт, вакансиялардың барлығы дерлік орысша.

Жұмыс табу

Сайттын басты бетінде көп вакансия бар. Жұмыс көп. Іздеген адамға жұмыс табылар. Неше түрлі вакансиялар бар. Соларды қараңыз.

Вакансия деген не?

Вакансия деген не? Вакансия бұл бос орын. Мысалы бір кәсіпкер үлкен компанияны жаңадан ашса оған талай қызметкер керек болады. Яғни бос жұмыс орындары пайда болды дегені. Осы бос жұмыс орындары вакансия деп айтылады. Вакансиялар дамыған елдерде көп болады. Себебі жұмыс орның алмастырып отыратындар көп болады.

Жұмыскерлер бір орында өмір бақи отырмайды. Мысалы біреу бір қаладан өзге қалаға көшеді. Тағы біреу оқуын бітіріп, диплом алып мамандығына сай жұмыс табады. Басқаның мерейі өсіп жоғарлайды.

Жұмыс табу жолы

Жұмыс табу жолдары көп. Ең тиімдісі интернеттегі хабарландырулар. Мысалы осы сайтта жүздеген вакансиялар бар. Соларды қарап өзіңізге керектісін теріп қойыңыз. Ұнаса телефоның алып қоңырау шалыңыз. Орысша жазылса орыс тілінде хабарласыңыз. Қазақша болса қазақ тілінде амандасып жұмыс жайлы сұраңыз.

Жұмыс деген не?

Интернет жұмыс табуды жеңілдететін құрал. Баяғыда газет пен туысқан арқылы жұмыс табылса, осы күнде өзгеге жалынбай-ақ, газетке ақша шашпай-ақ қалаған компанияға жалдана аласыз. Желіде бос орындар өте көп. Соларды қарап жақсы жұмыс табыңыз.

Жұмыс іздеу сайты

Жұмыс іздеу сайттары интернетте көп. Солардың бірі осы сайт. Сізге жұмыс керек болса мына жердегі вакансияларды қараңыз. Оған қоса жұмыс іздегенде жақсы резюменің керектігін де ұмытпаңыз. Резюмеде қай жерде оқыдыңыз, қандай мамандықты меңгердіңіз, қай жерде жұмыс істедіңіз. Бұның бәрін жазыңыз. Үміткерлердің арасынан резюмесі жақсылары таңдалады.

Жұмыс деген не?

Жұмыс адам қоғамға пайда әкелетін және бұл үшін ақы төленетін қызмет не әрекет. Мысалы жүк тасу, адамды қалаған жеріне дейін жеткізу, балаларды оқыту және басқалары. Жұмыстың көмектен ерекшелігі ол ақы алу. Қазақта тегін көмек бар. Мысалы асар. Асар дегеніміз елдің бірге жұмылып кедейге не халі нашар адамға үй салу, тұрмысын түзеу. Асарда ақы төленбейді.

Жұмыстың ерекшелігі ол ақы. Қазіргі таңда жұмыс ақыға қарап таңдалады. Себебі аз жалақы адамның күн көрісіне жетпейді. Үй ақысын төлеу, киім алу, тамақ алу дегенге аз жалақы жетпейді.

Жалақы деген не?

Жалақы дегеніміз адамның істеген еңбегі үшін алатын ақысы. Барша жұрт осы жалақыға қарап өмір сүреді. Айлығы шайлығына жетсе болғаны. Тамағына, киіміне, үйіне ақша жете ме. Соны жалақысына қарап мөлшерлейді. Жұмыс берушілер сұранысқа ие мамандықтарға жоғары жалақы беруге мәжбүр.

Зор сұранысқа ие болмаған мамандықтардың жалақы мөлшері аса көп емес. Тіпті аз болады деп те айта аламыз. Мысалы баяғыда зор сұранысқа ие болған мамандықтардың көбінде қазір жалақы мөлшері аз болады. Экономист, қаржыгер, бухгалтерлерде қазір жалақы мөлшері азайып жатыр.