меню

Резюме деген не? Резюме үлгісі қазақша. Түйіндеме деген не?

Резюме деген не? Резюме не қазақша айтсақ түйіндеме ол адам жайлы қысқаша мағлұматты жұмыс берушіге беретін қағаз не файл. Осындай құжатта сіздің туған жылыңыз, бітірген оқу орыныз, кәсібіңіз, жұмыс тәжірибеңіз жайлы ақпарат келтіріледі. Жұмыс беруші бұндай құжат негізінде адамды жұмысқа алу керек пе? Жоқ алу керек емес пе? Деген сұрақтарға жауап береді.

Жұмыс берушілер жұмысқа орналасуға келген үміткерлерді іріктейді. Қайсысының ұпайы басым соңы жұмысқа алады. Бұны резюме мен жеке сұқбаттасу арқылы мөлшерлейді. Вакансиялар көп. Жұмысты тауып алып ақша табыныз.

Табысты түйіндеме құру

Табысты түйіндеме құру үшін сіз өзіңіздің барлық игі қасиеттеріңізді тізіп жазуыңыз керек. Мысалы жұмыс тәжірибеңіз үлкен болса соңы жазыңыз. Негізінен неғұрлым көп мағлұмат бар болса соғұрлым сізге тиімді болады.

Резюме құру

Резюме негізінен үш бөліктен тұрады. Адам жайлы жалпы ақпарат, оқу және жұмыс бөлімдері. Осыларды біртіндеп тізіп берейік. Сізге түсінікті болу үшін. Осы нұсқауды пайдаланып сіз өз бетімен резюме құруды меңгеріп аласыз.

Түйіндемедегі адам жайлы жалпы ақпарат

Осы бөлімде сіздің туған жылыңыз, атыңыз, тегініз, тұрған қалаңыз, жынысыңыз, суретіңіз болу керек. Сіздің нешеде екенің білу жұмыс берушіге керек. Олар кейде жастарды алуға асығады. Кейде біраз жасқа келген ағалар мен апайларды алуға ниетті болады.

Сіз жайлы жалпы ақпарат жұмыс берушіге біраз мағлұмат береді. Олар осыған қарап адамдарды іріктейді. Бұдан басқа білімі мен жұмыс өтілімі де сарапталады.

Үміткердің білімі

Резюмеде жұмысқа кіруге ниетті адамның білімі жазылуы керек. Мысалы қай колледжді не институтты бітірді? Қандай тілдерді біледі? Компьютерді пайдалана алады ма? Ворд не эксель сияқты бағдарламаларды біле ме? Жалпы мамандығы қандай?

Осының бәрін резюмеде теріп беру керек. Білсеңіз жазыңыз. Білгеніңізді жазыңыз. Кейде бір вакансияға келіп сізге басқа жұмысты ұсынуы мүмкін. Компанияларда көп қызметкерлерді жұмысқа алады емес пе. Бір вакансияға жарамасаңыз басқасына жарап кетуініз мүмкін. Қандай мамандықты білесіз соны жазыңыз.

Еңбек өтілімі

Еңбек өтілімі резюменің ең басты бөлімі. Бұнда адам қай жерде және қанша ай жұмыс істегенің жазады. Осыған қарап жұмысқа алады. Үміткерлерді іріктегенде резюменің осы бөлімі зор мәнге ие. Басқаларынан гөрі осының маңызы зор. Соңдықтан ұялмай бәрін тізіп жазыңыз.