меню

Білік деген не? Біліктілік деген не? Білікті маман

Білік деген не? Білік ол адамның белгілі бір істі жасай алу қабылеттілігін сипаттайтын термин. Мысалы білікті дәрігер, білікті ұста, білікті маман. Бұның мағынасы білімді, өз жұмысын білетін дегені. Басқа атауы компетенция. Квалификация да осыған жақын.

Білікті маман өз ісін жақсы менгерген адам боп табылады. Неше түрлі тәсілдерді менгерген, өз қасібінің хас шебері білікті маман деп аталады.

Біліктілік деген не?

Біліктілік дегеніміз не? Біліктілік ол адамның білім денгейі жайлы түсінік. Мысалы біліктілігі төмен ұста. Бұның мағынасы осы ұстаның тәжірибесі аз. Білім деңгейі төмен дегені. Нарықтық қатынастар орнаған заманда барша мамандар жыл сайын не бірнеше жылда бір рет біліктілігін арттыру курстарын оқиды.

Жаңа заманда, технологиялар жиі өзгеріп тұратын ғаламда біліктілікті жиі арттырып отыру керек. Әйтпесе көшке ілесе алмай қаласыз.

Біліксіздік деген не?

Біліксіз дегеніміз ол маманның икемі жоқ я білімі жоқ дегені. Мысалы біліксіз шаштараз дегені ол шашты ұсқынсыз алатын маман. Әлі жөнді жұмыс істеуді білмеген адамды біліксіз маман деп атайды.